Алматыда «Ми құпиялары. Көпсалалық форум» халықаралық конференциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара «Жүрек және ми» Азия қоғамы, Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы және Алматы қаласы ҚДСБ қолдауымен ұйымдастырылды.

ҚДСБ басшысы Марат Пашимов: «Бүгінде медицина кешенді тәсілді талап етеді. Бір диагноздың артында бірнеше ауру болуы мүмкін, сондықтан ми ауруларын емдеуде пәнаралық ықпалдастық аса маңызды», – деп атап өтті.

Форумға 300-ге жуық маман қатысып, өзекті неврология мәселелері талқыланды.
Конференцияға шетелдік сарапшылар, атап айтқанда, Грузия, АҚШ, Ұлыбритания өкілдері қатысты.

Ғылыми бағдарлама аясында деменция, инсульт, метаболикалық бұзылыстар, сондай-ақ медицинадағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу мәселелері қарастырылды.

Конференция тәжірибе алмасуға, кәсіби диалогты дамытуға және денсаулық сақтау саласына заманауи шешімдерді енгізуге мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1202691?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version