16 сәуір күні Ақтау әкімдігінде Наурыз мерекесі аясында киіз үйлер тігіп, мерекелік іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына үлес қосқан бірқатар мекеме ұжымдары мен белсенді азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты жиында қала әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп мерекенің мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтуіне елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегін атап өтіп, қала әкімінің атынан Алғыс хаттар табыстады.
– Наурыз – баршамызға ортақ ұлық мереке. Биыл теңіз жағалауында 27 киіз үй тігіліп, қолөнершілер мен суретшілердің көрмесі ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарымыз дәріптелген бұл шараның жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп.
Айта кетейік, 22 наурыз күні теңіз жағалауында өткен Наурыз мерекесіне мекеме ұжымдары, қоғам белсенділері және үкіметтік емес ұйымдар белсене қатысып, ұлттық ойындар ұйымдастырып, ақ дастархан жайды. Мерекелік шара қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлап, ұлттық дәстүрлердің кеңінен насихатталуына ықпал етті.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1203628?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау