15.04.2026ж. Ақтоғай ауылдық клубында Қозы Көрпеш – Баян Сұлу ғашықтар
күніне орай «Мәңгілік махаббат жыры» атты поэзиялық кеш өтті. Махаббат
туралы поэзиялар мен өлеңдер оқылды. Қозы Көрпеш – Баян Сұлу эпосы –
халқымыздың інжу-маржаны, асыл қазынасы. Бір-біріне қосыла алмаған қос
ғашықтың қайғылы махаббатын жырлайды. Лиро-эпостық жыр XIII-XIV
ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасы тұсында қағазға түсірілді.
Қозы мен Баян эпосы Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындар арқылы
ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жетті. Қатысқандар саны – 15 адам.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ayagoz-aqtogai/press/news/details/1202886?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау