Астанада рецепт жазу және дәрілік заттардың айналымын бақылау мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департаменттің бастамасымен профилактикалық шаралар аясында Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының базасында кеңес өткізілді. Кеңеске 100 адам қатысты.

Кеңесті Астана қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Департаментінің өкілдері жүргізді:

  1. Департамент басшысының орынбасары — Габбасова Гульнара Избастиновна;
  2. Фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы — Аманов Мирлан Бекетович;
  3. Фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы — Жапбар Жанелия Батырбекқызы.

Сондай-ақ шақырылған баяндамашы ретінде «Гиппократ» МФК ЖШС директорының орынбасары Галымова Карлыгаш Галымовна қатысты.

Кеңес барысында дәрілік заттарға рецепт жазу, есепке алу және сақтау қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 «Рецепттерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес белгіленген талаптарды сақтау мәселелері қаралды.

Рецепт бойынша берілетін препараттардың айналымын тиісті бақылауды қамтамасыз ету, рецептік құжаттарды ресімдеу тәртібін сақтау және медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Департамент дәрілік заттарға рецепт жазу қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Аталған талаптарды бұзғаны үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 82-бабына сәйкес, медициналық қызметкердің дәрілік заттарды өткізу қағидаларын және рецепт жазу талаптарын бұзуы жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш, ал лауазымды тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған дәл сол құқық бұзушылық жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға және денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыруға (немесе онсыз), ал лауазымды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1202647?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version