Балаларға арналған танымдық эстафета

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскемен қаласындағы «Алтын дән» балабақшасында қызықты іс-шара өтті.

Өрт кезінде қалай әрекет ету керек, өрттің алдын алу жолдары қандай, төтенше жағдай қызметінің нөміріне қалай қоңырау шалу қажет – осының барлығын бүгін бүлдіршіндер білді.

Сонымен қатар балалар қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған қызықты эстафетаға қатысты.

Әсіресе, арнайы киімдерді киіп алып, ұл-қыздардың шартты түрде өртпен күрескені көпшілікті тәнті етті.

«Бұл жастағы балалар білімді өте тез қабылдайды», – дейді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылауы басқармасының аға инженері Мадина Сейткамза.

«Балалар өрттің қандай қауіп төндіретінін, түтін болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін үйренеді», – деп атап өтті Мадина Сейткамза.

Осындай форматтағы сабақ балаларға ерекше әсер қалдырды.

Балалармен өткізілетін мұндай жан-жақты сабақтар олардың түрлі төтенше жағдайлар мен оқиғалар кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша білімін нығайтып, қазіргі заманда аса сақ әрі қырағы болуға үйретеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1203052?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version