Бейнеу аудандық мәслихатының мәслихат төрағасының шешімі
Бейнеу аудандық мәслихатының сессиясына шақыру туралы
VIІІ сайланған Бейнеу аудандық мәслихатының кезектен тыс қырықыншы сессиясы 2026 жылдың 21 сәуіріне шақырылсын.
Бейнеу аудандық
мәслихатының төрағасы А.Бораш
17.04.2026 жыл №40
VIІІ сайланған Бейнеу аудандық мәслихатының кезектен тыс қырықыншы сессиясы 2026 жылдың 21 сәуірінде сағат 11 00 – де аудандық әкімдік ғимаратының мәжіліс залында болады.
Сессияның қарауына мынадай мәселелер ұсынылады:
- «Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № 7/71 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы №18/147 «Консультациялық – кеңесші орган, штабтар, кеңестер мен комиссиялардың дербес құрамдарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Бейнеу аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
Бейнеу аудандық
мәслихатының төрағасы А.Бораш
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-maslihat-beineu/press/news/details/1203392?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау