Бейнеу ауданында жасөспірімдер тәрбиесі мен қауіпсіздігі: профилактикалық жұмыстардың маңызы артты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бейнеу ауданы ПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Альжанов Берік Ондасынұлы, Бейнеу ауданы ПБ Анықтау тобының аға анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Мәдиев Нұрлыбек Орынбасарұлы және ҚҚБ ЮПТ КТІЖ учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты С. Сатыбаев Б. Қалиев атындағы ЖББМ КММ-де «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында жасөспірімдер арасында орын алатын құқықбұзушылықтардың себептері талқыланып, олардың алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бермеу, білім беру ұйымдарымен бірлескен профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелері қаралды.

Ата-аналар мен жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау қажеттігі ескертіліп, құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, бітіруші түлектерге оқу жылын тыныш әрі қауіпсіз аяқтау қажеттігі ескертілді.

https://www.instagram.com/p/DXMWZa8jEfK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1203420?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version