2026 жылы 14-16 сәуір аралығында Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Максим Рыженковтың Алматы қаласына сапары өтті. Сапар бағдарламасы аясында Армия үйіндегі «Жауынгерлік даңқ» музейне барып, панфиловшылардын ерлігіне арналған экспозициямен танысып, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, батырлардың ерлігіне тағзым етті.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов, Беларусь Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының ашылу салтанатына қатысты.
Сапар екі-жақты өзара іс-қимылды дамытуға және екі ел халықтарының достық қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1203083?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау