Дератизация, дезинсекция өткізу туралы
Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2026 жылдың 15 сәуірінде ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ы Ақтөбе филиалының мамандарына Алға, Ойыл, Қобда және Ырғыз аудандарының аумағында туляремияның табиғи ошағында орналасқан елді мекендерде тосқауылдық дератизация, дезинсекция жүргізу бойынша «Zoom»» байланысы арқылы нұсқамалық кеңес берді.
Нұсқамалық кеңес барысында өңірдегі мамандарға осы іс-шараларды тиімді жүргізу, тұрғындар мен ауыл шаруашылығы жануарлары және құстар, аралардың улануының алдын алу мақсатында дератизация, дезинсекция жүргізілетіні туралы тұрғындарға толық мәлімет беруді тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1203224?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау