«Заң мен Тәртіп жылы – қауіпсіз балалық шақ кепілі» аясында ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі Унарбеков Ренат Қанатұлы Астана қаласы әкімдігінің Жоғары көлік және коммуникациялар колледжіне барды.
Іссапар барысында объектінің қауіпсіздік жағдайы, бейнебақылау және дабыл жүйелерінің жұмысы тексеріліп, колледж басшылығымен өзара іс-қимыл жолға қойылды.
Колледж студенттері мен №119 мектеп оқушыларының қатысуымен өткен кездесуде құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері түсіндірілді.
Іс-шараға ювеналдық полиция инспекторы мен Комитеттің кадр қызметі қатысты.
Сонымен қатар, еркін күрестен Азия чемпионы, полиция аға лейтенанты Еркебаева Гүлмарал Мененбайқызы жастарға спорттың маңызы мен салауатты өмір салты туралы мотивациялық сөз сөйледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kkod-mvd/press/news/details/1203247?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау