Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және практикалық қолданылуы мәселелері бойынша жұмыс берушілермен жұмыс кездесуі (ENBEK.KZ)

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы А.Ж. Абдугалиева Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өңірдің жұмыс берушілерімен, кадр қызметінің мамандарымен және бухгалтерлік қызметкерлермен жұмыс кездесуін өткізді.
Іс-шара аясында қатысушыларға кадрлық есепке алу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының міндетті талаптары бойынша түсіндірмелер берілді. ENBEK.KZ платформасында іске асырылған Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің (ЕШЕБЖ) жұмыс істеуі және оны практикада пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық мәселелері қаралып, жұмыс берушілер тарапынан жіберілетін типтік бұзушылықтар баяндалды және оларды алдағы уақытта болдырмау бойынша ұсынымдар берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жекелеген нормаларын тәжірибеде қолдану бойынша түсініктемелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1203335?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version