Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында ардагерлер, зиялы қауым өкілдері және жастардың қатысуымен Түркістан облысы Әділет департаментінің өкілдері «Конституция – халық үні» тақырыбында еркін форматтағы кездесу өткізіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында жастарға құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ сот актілеріне шағымдану тәртібі туралы кең көлемде ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттерге ақпараттық жадынама таратылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық білімін арттыруға және заң талаптарын терең түсінуіне мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-trk/press/news/details/1202795?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау