Конституциялық Сот: жерді алып қою рәсімінің басталуы сот арқылы қорғалу құқығынан айырмайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сотқа Жер кодексінің, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның және мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару тәртібін реттейтін Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының нормаларын Конституцияның 13-бабы 2-тармағына сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түсті.

Бұған әкімдіктің жер учаскесін алып қою рәсімін бастау туралы қаулысы негіз болды. Өтініш беруші оны соттарда даулауға тырысқан, алайда оның талаптары мәні бойынша қаралмаған – соттар ведомстволық бағыныстылық пен соттылық талаптарының сақталмағанын көрсеткен. Осыған байланысты ол қолданыстағы нормалар оны сот арқылы қорғалу құқығынан айырады деп мәлімдеді.

Конституциялық Сот дауланып отырған нормалардың өзі сот төрелігіне қол жеткізуді шектемейтінін түсіндірді. Заң жерді алып қою туралы шешімдермен меншік иесі келіспеген жағдайда оларды сот тәртібімен тексеруді тікелей көздейді. Басқаша айтқанда, сотқа жүгіну құқығы сақталады және қолданыстағы рәсімдермен қамтамасыз етіледі.

Сонымен бірге өтініш берушінің уәждері оның нақты жағдайында даудың мәні бойынша қаралмауы ведомстволық бағыныстылық пен соттылық туралы процестік нормалардың дұрыс қолданылмауына байланысты болғанын, ал бұл дауланып отырған нормалардың мазмұнымен байланысты еместігін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1202808?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version