2026 жылғы 16 сәуірде мемлекеттік еңбек инспекторы А.А. Қабаев «Service СМУ» ЖШС ұжымымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында еңбек заңнамасының негізгі талаптары түсіндіріліп, өндірістегі қауіпсіздік деңгейін арттыру тетіктері талқыланды. Атап айтқанда, тапсырыс берушіден мердігерге дейінгі сатылы бақылау жүйесін енгізу арқылы қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту, қауіпсіздік техникасы қағидаларын тиімді әрі заңды қолдану мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, қатысушылар қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар мен олардың тиімді тәсілдері жөнінде пікір алмасты.
Мұндай түсіндіру жұмыстары еңбек ұжымдарында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1203403?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау