Жамбыл облысында қауіпті өндірістік объектілер өкілдерімен «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында жұмыс кеңесі өтті. Іс-шара өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталды. Кеңес барысында заң талаптарын қолдану мәселелері талқыланып, қатысушылар ашық форматта пікір алмасты. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, бақылау-қадағалау қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда Төтенше жағдайлар министрлігінің сенім телефонына хабарлау қажеттігі атап өтілді.
Өндірістік бақылауды талаптарға сай ұйымдастыру – қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, апаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алудың негізгі шарты екені айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1203593?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау