Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Сәттібаев Айбек Берікұлы Шардара ауданына арнайы сапармен келді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ең алдымен, Айбек Берікұлы Тама-Тастанбек су құбырының құрылысының жұмыстарымен танысып, «Алтын констракшн» ЖШС – нің директоры Дулат Әлімсейіт бүгінгі таңға дейін атқарылған жұмыстарымен Айбек Берікұлы таныстырып, жалпы ұзындығы 60 шақырымнан асатын, диаметрі 560 мм екі тізбекті магистралды су құбырын салу 27 шақырым құбыр (Диаметрі 560 мм, 2 нитка жалпы алғанда (54 шқ) құрайтын SDR17 ПЭ су құбыры тартылғанын, 26 дана камералы колодецтер, 15 дана камера, 12 бірлік ұңғыма 185 м қазылып, металды опораның 12 данасы орнатылғанын айтып, жалпы құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталғанын жеткізді.
Содан соң, Шардара су қоймасы жағалауындағы «Сыр нұры демалыс» мен «Golden beach демалыс кешені» демалыс аймағының жұмыстарымен және туризмді дамыту мақсатында іске асырылып жатқан жалпы ұзындығы 1,55 шақырым жол, 42 бірлік электр бағаналарын орнату құрылыс жұмыстарымен танысты.
Сапар соңында, Айбек Берікұлы Шардара электр станциясы АҚ-ның атқарылап жатқан жұмыстарымен танысты.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1203608?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version