Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің ведомстволық бағынысты ұйымы – «Қазақстандық атом электр станциялары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС) базасында Қазақстан Республикасында АЭС құрылысы бойынша құзыреттер орталығы құрылады. Аталған орталық жобалық кеңсе, бас тапсырыс беруші функцияларын атқарып, болашақ АЭС-тердің мемлекеттік акциялар пакеттеріне иелік ету құқығына ие болады.
Перспективада атом энергетикасын дамыту бойынша күш-жігерді шоғырландыру мақсатында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС базасында мамандандырылған атом-энергетикалық холдинг құрылады. Бұл холдинг құрамына Қазақстандағы АЭС-тердің тиісті жобалау және пайдалану ұйымдары біріктіріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1203630?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау