Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 434-3-бабына сәйкес, бет-жүзді әдейі жасыру құқықбұзушылық болып саналады. Норма 2026 жылдан бастап қолданылады.
Тыйым келесі жағдайларға қатысты:
— балаклава, толық жабатын маска;
— бетті толық немесе ішінара жасыратын киім;
— тұлғаны тануға кедергі келтіретін басқа да заттар.
Ереже барлық қоғамдық орындарда қолданылады: көшелерде, қоғамдық көлікте, сауда орталықтарында және мемлекеттік мекемелерде.
Сонымен қатар, рұқсат етілетін жағдайлар бар:
— медициналық себептер;
— ауа райы жағдайы;
— қызметтік міндеттер;
— спорттық және мәдени іс-шаралар.
Басты шарт — ниет: егер бет-жүзді жасыру мақсаты болмаса, бұл бұзушылық саналмайды.
🔹 Жауапкершілік:
— бірінші рет — ескерту;
— қайталағанда — 10 АЕК айыппұл.
Бұл талаптың мақсаты — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұлғаны анықтау мүмкіндігін сақтау.
#Заңментәртіп
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-zabelov/press/news/details/1203123?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау