Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызметкерлердің кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында жоспарлы оқу сабағы өткізілді. Сабақ тақырыбы «Әскери сәлемдесуді орындау, саптан шығу және сапқа қайта тұру, бастыққа келу және одан кету» бағыттарын қамтыды.
Іс-шара барысында қызметкерлерге саптық дайындықтың негізгі талаптары түсіндіріліп, әскери тәртіп пен қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар практикалық жаттығулар орындап, саптық элементтерді дұрыс әрі нақты орындау дағдыларын пысықтады.
Сабақ барысында әскери сәлемдесуді белгіленген талаптарға сай орындау, саптан дұрыс шығу және қайта тұру, сондай-ақ басшылыққа келу мен одан кету тәртібі жан-жақты көрсетіліп, әрбір қызметкердің іс-қимылдарына нақты түзетулер енгізілді.
Өткізілген оқу сабағы қызметкерлердің саптық дайындығын арттыруға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және кәсіби шеберлікті жетілдіруге оң ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiszhambyl/press/news/details/1203619?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау