Бүгінгі таңда №40 мекеме Қостанай қаласының аумағында орналасқан 6 көшпелі жұмыс нысанымен ынтымақтастықта жұмыс атқаруда.
Серіктес ұйымдар қатарында:
* «Костанай-МБИ» ЖШС (үй құрылысы комбинаты) — темірбетон бұйымдарын өндіруге және көпқабатты тұрғын үйлер салуға маманданған Қостанай қаласындағы ірі кәсіпорын;
* «ДК-Альянс» ЖШС (коммуналдық кәсіпорын), негізгі қызметі — қалалық саябақтарды абаттандыру және елді мекендерді көгалдандыру;
* «СарыаркаАвтоПром» ЖШС — ALLUR тобына кіретін Қазақстан Республикасындағы ең ірі автомобиль жасау зауыты;
* «Бест-Костанай», «Вадиса-М», «Отан-2004» ЖШС-лері — негізгі қызметі бидай ұнын өндіру және оны ТМД елдеріне өткізу болып табылатын диірмен саласының кәсіпорындары.
Мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың барлығы (100%) жұмыспен қамтылған. Олардың алатын жалақысы сот үкімдеріне сәйкес талап-арыздарды өтеуге, туыстарына материалдық көмек көрсетуге, сондай-ақ бірінші кезектегі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жұмсалады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1203293?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау