Қостанай қаласындағы №38 мекемеде Жастар ресурстық орталығы мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сотталғандарға «Пейіш» фильмі көрсетілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай қаласындағы №38 мекемеде Жастар ресурстық орталығы мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сотталғандарға «Пейіш» фильмі көрсетілді. Аталған іс-шара анаға деген құрметті арттыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және адамгершілік қасиеттерді дәріптеуге бағытталған.

Фильм көрсетілімі барысында қатысушылар ата-ана қадірін түсініп, отбасының маңыздылығы туралы терең ой түйді. Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар сотталғандардың рухани-адамгершілік дамуына оң әсерін тигізіп, олардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді. Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, алған әсерлерін жеткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай мәдени-ағартушылық бағыттағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1203333?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version