2026 жылғы 16 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.М. Ертаевтың төрағалығымен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттері және «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ филиалдарының қатысуымен кеңес өтті.
Кеңес барысында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды (ЖОМС) ұйымдастыру кезіндегі өзара іс-қимылды арттыру мәселелері қаралды.
«Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ-ның ЖОМС нарығындағы үлесін арттыру қажеттілігі атап өтілді, сондай-ақ Қарағанды, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы өңірлік деңгейде тиімді өзара іс-қимылдың оң тәжірибесі көрсетілді.
Кеңес қорытындысы бойынша мынадай тапсырмалар берілді:
* «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беру мүмкіндігін пысықтау;
* «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ филиалдарының қызметіне талдау жүргізу;
* өңірлік деңгейде аумақтық департаменттер мен компания филиалдарының өзара іс-қимылын күшейту;
* ЖОМС шарттарының үлесін тұрақты мониторингтеуді қамтамасыз ету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgit/press/news/details/1203303?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау