Салалық даму: Атырау облысындағы маңызды жиын

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Р.К. Дубаев Атырау облысына қызметтік іссапары барысында Төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы жеке құрамымен кездесуі өткізді.  Жиын барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды. Сондай-ақ саладағы өзекті өзгерістер мен жаңашылдықтар талқыланды. Нәтижесінде  жас мамандарға кәсіби қызметті жетілдіруге бағытталған бірқатар кеңестер мен нұсқаулар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1203499?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version