Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы С. Бейсенова жұмыс сапарымен Алматы облысына келді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сапар облыс әкімінің орынбасары Ғ.А. Майлыбаевтың төрағалығымен өткен өңірлік денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысынан басталды. Негізгі тақырып қазіргі эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру шаралары болды. Комитет басшысы өзекті талдау ұсынып, жұмыстың басым бағыттарын айқындады.

Сапар аясында С. Бейсенова иммунобиологиялық препараттардың облыстық қоймасының жұмысымен танысып, сондай-ақ зертхананы және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет бөлімшелерін аралады.

Жаппай демалыс орындарына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Комитет төрағасы Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайына барып, абаттандыру жұмыстарының барысын әкімдік пен мердігер ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп тексерді.

Жұмыс бағдарламасы облыстың Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында жалғасты. Мұнда санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерімен және ардагерлерімен кездесулер өтті.

Сапар барысында инфрақұрылымды дамытудағы оң динамика атап өтілді: соңғы жылдары ғимараттар жаңғыртылып, жабдықтар мен автопарк жаңартылды. Бұл қызмет жұмысының тиімділігін және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Комитет төрағасының Алматы облысына сапары ертең де жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1202693?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version