Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы Азат Рахымбердіұлы Исламов азаматтарды бірыңғай жеке қабылдау күні аясында қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы Азат Рахымбердіұлы Исламов азаматтарды бірыңғай жеке қабылдау күні аясында қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жерге орналастыру, жер пайдалану құқығын беру, сондай-ақ жер телімдерін заңдастыру мәселелері көтерілді. Әрбір азаматтың өтініші жеке қаралып, тиісті заңнамаларға сәйкес жан-жақты зерделенді.Нәтижесінде бірқатар мәселелер оң шешімін тапты. Ал қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бақылауға алынып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктелді.Қабылдау барысында әрбір өтініш иесіне қолданыстағы заң талаптарына сәйкес толық әрі түсінікті жауаптар беріліп, құқықтық кеңестер ұсынылды.Жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді шешу және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/jerqatynastary/press/news/details/1202837?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version