15 сәуір күні Ақтау қаласы ПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКБ қызметкерлерімен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қылмыстардың жолын кесу мақсатында кешенді профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қайталама профилактикалық есепте тұрған отбасыларға, сондай-ақ мінез-құлқына ерекше талап белгіленген және қорғау нұсқамасы есебінде тұрған тұлғалардың мекенжайларына барып, тексеру жұмыстары жүргізілді.
Аталған азаматтармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жеке профилактикалық және түсіндіру әңгімелері өткізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік түрлері түсіндірілді.
Жұмыс барысында отбасылардағы ахуалға мониторинг жасалып, тәуекел деңгейі бағаланды. Қорғау нұсқамасында тұрған тұлғаларға белгіленген талаптарды қатаң сақтау қажеттілігі ескертілді.
Мұндай кешенді профилактикалық шаралар отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдағы қауіпсіздікті нығайтуға және қайталанатын қылмыстардың санын азайтуға бағытталған.
https://www.instagram.com/reel/DXLs2COs7Qx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1203480?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау