№35 «Ертегі» балабақшасында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Ұлттық мұра – ел аманаты» атты тағылымды іс-шара өтті.
«Таза Қазақстан» – тек экологиялық акция ғана емес, ол тазалықты кең ұғымда түсінуді көздейтін, сана мен руханиятты да жаңғыртуды мақсат ететін маңызды бастама.
Іс-шара 150 ата-ананың қатысуымен өткен әсерлі флешмобпен басталып, ерекше атмосфера қалыптастырды. Бұл көрініс ата-ана мен балабақша арасындағы өзара сенім мен бірліктің айқын белгісіне айналды.
Бағдарлама барысында балалар ән айтып, би билеп, шағын қойылымдар арқылы өз өнерлерін көрсетті. Ата-аналар да белсенділік танытып, ортақ іске үлес қосты.
Ұлттық киімдер көрсетілімі мен айтыс өнері қазақ халқының бай мәдениетін кеңінен танытты. Сонымен қатар, ағаш отырғызу рәсімі өткізіліп, ою-өрнек көрмесі мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1203158?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау