«Ұлттық қолөнер – бүгінгі тарих» шеберлік сағаты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Теректі ауылында ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Ұлттық қолөнер – бүгінгі тарих» атты шеберлік сағаты өткізілді. Іс-шараны «Шежіре-өнер, тәлім отауы» әжелер үйірмесі ұйымдастырды.

Шеберлік сағаты аясында үйірме мүшелері ауыл тұрғыны, қолөнер шебері Байзақ Өмірзақұлының шеберханасына барып, оның еңбектерімен жақын танысты. Байзақ Өмірзақұлы – ата кәсіпті жалғастырып келе жатқан тәжірибелі ұста. Ол ұлттық нақыштағы ат әбзелдерін, соның ішінде жүген, ер-тұрман, қамшы секілді бұйымдарды жасап, халық игілігіне ұсынып келеді.

Кездесу барысында шебер өз жұмысының қыр-сырымен бөлісіп, қолөнердің ерекшеліктері мен жасалу тәсілдерін түсіндірді. Қатысушылар қолөнердің қасиеті мен маңызын, оған жұмсалатын еңбек пен төзімділіктің зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық өнерді сақтау мен дамыту – әрбір ұрпақтың міндеті екені айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1202813?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version