Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Сәуір 17, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Заң мен тәртіп: құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Жарияланды:

17/04/2026 09:42

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

Жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – қоғам тұрақтылығының маңызды кепілі. Осы мақсатта Ақтөбедегі «DOSTYQ SCHOOL» оқушыларымен, «Жастарға кеңес» жобасы аясында, ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастарға құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру және саналы өмір салтын қалыптастыру бағытында жан-жақты ақпарат беру.

Кездесу барысында спикерлер оқушыларға тек құқықтық тәртіп қана емес, сонымен қатар қаржылық, әлеуметтік және денсаулық салаларындағы маңызды мәселелерді де қамтып өтті.

Кездесу барысында әр сала мамандары оқушылармен ашық диалог құрып, өмірлік маңызы бар тақырыптарды қозғады. Солардың бірі – қаржылық сауаттылық мәселесі. «JAS ORTA» ЖҚ облыстық филиал жетекшісі, «ҚаржыMAN» курсының авторы Жоламан Асанұлы жастарға қаржы басқарудың негіздерін түсіндіріп өтті.

«Қаржылық сауатсыздық кей жағдайда құқықбұзушылыққа алып келуі мүмкін. Сондықтан әр жас өз табысын дұрыс жоспарлап, заң аясында әрекет етуді үйренуі тиіс», – деді ол.

Шара барысында денсаулық тақырыбы да назардан тыс қалған жоқ. АИТВ орталығының маманы Тимур Тулепбергенов жастарға зиянды әдеттердің алдын алу мен салауатты өмір салтының маңызын кеңінен түсіндірді.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының Жастар ресурстық орталығының маманы Әбжан Жүрсін жастарға мемлекет тарапынан ұсынылатын мүмкіндіктер мен бағдарламалар жайында айтып, белсенді болуға шақырды.

«Заңды білу – әр азаматтың міндеті. Ал оны сақтау – өркениетті қоғамның белгісі. Жастар осы қағиданы ерте жастан түсінуі керек», – деді ол.

Кездесу ашық форматта өтіп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Еркін пікір алмасу алаңы жастардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың өз болашағына деген жауапкершілігін күшейтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-almaty/press/news/details/1202745?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Мақаншы ауданы Көктал ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджеті
Next: Қала әкімі МИБ және ПИК (КСК, ОСИ) өкілдерімен кездесу өткізді→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version