Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін төлемдер мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен 50 % және алушылардың есебінен 50 % тепе-теңдік негізде жүзеге асырылады.
Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау тәртібі.
Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайды тағайындау мен ол үшін төлемдер кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық базасында есепте тұрған мынадай азаматтардың жекелеген санаттарына жүзеге асырылады:
1) бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
2) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
3) кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа жетпеген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
4) “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.
Отбасының құрамына байланысты жалға алынған тұрғынжайдың жалпы алаңына төлемдерді жүзеге асыру үшін мыналарға рұқсат етіледі:
1) отбасы мүшелерінің саны 1-ден 3-ке дейінгі отбасы үшін – 40 шаршы метрден артық емес;
2) отбасы мүшелерінің саны 4-тен 5-ке дейінгі отбасы үшін – 60 шаршы метрден артық емес;
3) отбасы мүшелері саны 6 және одан көп обасы үшін – 80 шаршы метрден артық емес.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1202872?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау