2026 жылғы 15–16 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасы, пробация қызметтеріне басшылық жасау басқармасы, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы ІІМ РМК «Ақпараттық технологияларды дамыту және сүйемелдеу басқармасының» өкілдерімен бірлесіп, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде оқыту сабақтарын өткізді.
Аталған оқыту іс-шарасы АОБД (ақпараттық-операциялық бірыңғай дерекқор) жүйесіне қатысты ұйымдастырылып, департаменттің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімі, арнайы есеп бөлімі және пробация қызметінің қызметкерлеріне арналды.
Сабақ барысында АОБД жүйесінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, деректерді енгізу мен өңдеу тәртібі, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау, сондай-ақ жүйеде жұмыс істеу барысында туындайтын өзекті мәселелер жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушыларға тәжірибелік дағдыларды жетілдіруге бағытталған практикалық тапсырмалар беріліп, нақты мысалдар негізінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқыту қорытындысы бойынша қызметкерлердің АОБД жүйесімен жұмыс істеу деңгейі арттырылып, қызметтік міндеттерді сапалы әрі тиімді орындауға қажетті білімдері нығайтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiszhambyl/press/news/details/1203599?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау