Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары Әзербайжан Республикасының Әділет министрлігіне қарасты Әділет академиясында шетелдік тағылымдамадан өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары Әзербайжан Республикасының Әділет министрлігіне қарасты Әділет академиясында шетелдік тағылымдамадан өтуде

Болашақ судьялар екі елдің бейінді академиялары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жүзеге асырылатын екі апталық білім беру бағдарламасына қатысуда.

Бағдарлама екінші рет өткізілуде: алғашқы топ магистранттары өткен жылдың желтоқсан айында тағылымдамадан өткен.

Бағдарламаның ашылуында Әзербайжан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары, Сот-құқықтық кеңестің мүшесі Чингиз Аскеров, сондай-ақ Әзербайжан Республикасы Әділет министрлігінің Әділет академиясының ректоры Ровшан Исмайлов дәріс оқыды.

Тағылымдама оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және практикалық дағдыларды дамытуға, заманауи кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған оқу пәніне теңестірілген.

Негізгі мақсаттары:

— магистрлік жобаларды іске асыру;

— құқық қолдану практикасы мен ғылыми зерттеулердегі заманауи тәсілдерді зерделеу;

— озық шетелдік тәжірибені талдау және енгізу.

Бағдарлама судьялармен, сарапшылармен және Әзербайжанның Әділет академиясының профессорлық-оқытушылық құрамымен өзара іс-қимылды қамтиды, негізгі назар тәжірибе алмасуға аударылған.

Тағылымдама барысында сот практикасының өзекті мәселелері қарастырылады, оның ішінде:

— құқық қолданудың бірізділігін қамтамасыз ету;

— ғылыми қауымдастықтың қатысуымен сот практикасын қайта қарау;

— кассациялық сатыда жазбаша іс жүргізуді қолдану;

— сот қызметін цифрландыру;

— азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері.

Магистранттар сондай-ақ Әзербайжанның Конституциялық Сотының, Жоғарғы Сотының және әртүрлі сатыдағы соттардың қызметімен танысады.

Судья кадрларын даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту Жоғары Сот Кеңесінің жетекшілігімен жүзеге асырылып, озық тәжірибелерді енгізуге, тәжірибе алмасуға және білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1202856?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version