Астанада ауқымды экологиялық айлық жалғасып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық айлығы жалғасып жатыр. Оның аясында елордада «Таза аула» ұранымен абаттандыруға бағытталған бірқатар іс-шара өтуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

18 сәуір күні қала бойынша тазалық акциялары ұйымдастырылып, аумақтарды санитарлық тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Қоқыс шығарылып, саябақтар, скверлер, тұрғын үйлердің аулалары, сондай-ақ бизнес нысандары мен қоғамдық тамақтану орындарына іргелес аумақтар ретке келтіріледі.

Экологиялық науқанға қала тұрғындары, мәдениет қайраткерлері, қоғам белсенділері, кәсіпорын қызметкерлері, МИБ/ПИК өкілдері, шағын және орта бизнес, еріктілер мен студенттер белсенді қатысады.

«Бүгін достарыммен бірге қаланың тазалығын сақтау акциясына қосылдық. Мұндай бастамаларға қатысу – ортақ іске үлес қосу мүмкіндігі.

Қарапайым тазалықтың өзі қаланы көркейтіп, жайлы етеді», – деді акцияға қатысқан студенттердің бірі.

Әкімдік тұрғындарды экологиялық айлықты қолдауға шақырады.

Бастаманың басты мақсаты – тазалықты сақтау мәселесіне назар аудару және тұрақты экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Әрбір тұрғын мен ұйым көшелер мен аулаларды абаттандыруға үлес қосып, қаланы таза, жайлы әрі экологиялық қолайлы ортаға айналдыра алады.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаАула @TazaQazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1203715?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version