Бостандықтан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды ресоциализациялау мәселесі бойынша жұмыс кеңесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастамасымен басқарма басшысы Ш. Рахматуллинаның төрағалығымен Кәсіпкерлер палатасы, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, полиция департаменті, денсаулық сақтау және ішкі саясат басқармалары, сондай-ақ өңірдің Мансап орталықтары өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Аталған алаңда мүдделі органдардың өзара іс-қимылы, ресоциализация, жұмыспен қамту және бостандықтан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мәселелері талқыланды.

Кеңес барысында аталған санаттағы азаматтарды ресоциализациялау мен жұмыспен қамту тиімділігін арттыруға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша нақты шаралар әзірленді. Әлеуметтік қолдау мүмкіндіктерін кеңейту, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу тетіктерін дамыту және көрсетілетін көмектің атаулылығын арттыруды қамтитын алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1203659?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version