Елордадағы ірі спорт кешені экологиялық акцияға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясын мыңдаған адам, кәсіпкерлер, еңбек және шығармашылық ұжымдар, спортшылар мен қала тұрғындары тарапынан қолдау тапты. Елордадағы «KODOKAN SPIRIT» дзюдо орталығы да бұл бастамадан шет қалмай, республикалық экоакцияға атсалысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Орталық қызметкерлері, тәрбиеленушілер және спорт кешеніне келушілер тазалық акциясына қатысып, аумақты қоқыстан тазартып, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтірді. Бұл ретте командалық рухтың жоғары деңгейі байқалды.

«Біз әрдайым Қазақстанымызға өз үлесімізді қосуға дайынбыз», – деді сенбілік барысында орталық тәрбиеленушісі Ақбота Жалынова.

Айта кетейік, «KODOKAN SPIRIT» дзюдо орталығы – 2024 жылы Астананың Нұра ауданында ашылған заманауи спорт кешені. Мұнда бір мезетте 1000-ға тарта спортшы жаттыға алады.

Орталықта қоршаған ортаға құрметпен қарау спортшылардың тәртібі, жауапкершілігі және ішкі мәдениетін қалыптастырумен тығыз байланысты екені атап өтілді.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаАула @TazaQazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1203801?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version