Акция барысында елді мекендерді көркейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Атап айтқанда, бірқатар аумақтарда жүздеген түп ағаш егілді.
Игі бастамаға әкімдер, мәслихат депутаттары, мекеме қызметкерлері, ардагерлер, жастар ұйымдары, «Жасыл ел» еңбек жасағы және белсенді тұрғындар қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, мамандар тарапынан ағаш отырғызудың тиімді тәсілдері көрсетіліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Тазалық жұмыстары облыс орталығындағы маңызды көшелерде де жалғасып, қатысушылар аумақтарды қоқыстан тазартып, ретке келтірді. Бұл шаралар бір күндік науқан ғана емес, қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды бастама.
Табиғатты қорғау, туған жерді көркейту – әр азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Таза Қазақстан – баршамызға ортақ іс!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1203804?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау