ТЖ министрі Қарасор ауылындағы 168-ші «Ауыл құтқарушылары» бекетін іске қосты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Павлодар облысы Екібастұз ауданының Қарасор ауылында 168-ші «Ауыл құтқарушылары» бекетін ашты. Жоба еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылып, ауылдық аумақтарды қорғау жүйесінің маңызды бөлігіне айналды.

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ведомство басшысы ауылдық елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша ауылдық жерлерде «Ауыл құтқарушылары» желісін дамыту төтенше жағдайларға әрекет ету уақытын едәуір қысқартып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

  Бұл «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында өңірде құрылған жетінші бекет. Ол Қарасор, Құдайкөл және Құлакөл атты үш елді мекеннің жедел өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз етеді, онда шамамен 900 адам тұрады. Енді көмек бұрынғыдан да жақын болып, әрекет ету уақыты жеделдей түседі.

  Еріктілер тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқарады. Бөлімше барлық қажетті құралдармен толық жарақталған: заманауи автоцистерна, өрт-техникалық жабдықтар, жауынгерлік киім-кешек және байланыс құралдары. Тұрмыстық аймақтар мен демалыс үй-жайлары қарастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1203813?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version