ЖАҢА ЖОЛ АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Жаңажол ауылы үшін маңызды күндердің бірі болды- ел игілігіне жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Бақытжан Оразалыұлы, мердігер мекеме – Компания Сырым Блеке ЖШС-нің директоры Арнұр Асылбекұлы Жанталиев, спорт ардагері Амантай Омаров, ауыл тұрғындары мен жас спортшылар қатысты.

Қазақстан спорты – ұлттық ойындарды дамытып, Олимпиада ареналарында жоғары жетістіктерге жеткен іргелі сала. Әлемдік додаларда көк туымыз талай мәрте желбіреп, әнұранымыз шырқалып, ел мерейі үстем болды. Бұл – спортшыларымыздың қажырлы еңбегі мен мемлекет қолдауының нәтижесі.

Елімізде спорт инфрақұрылымы қарқынды дамып, жаңа нысандар бой көтеруде. Соның жарқын дәлелі – Жаңажол ауылында ашылған заманауи спорт кешені. Бұл кешен ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен серпін береді.

Жаңа нысанда волейбол, футбол, дзюдо және бокс үйірмелері жұмыс істейді. Енді ауыл жастары кәсіби деңгейде жаттығып, болашақ чемпиондар қатарын толықтыруға мүмкіндік алады.

Жаңажолдықтар үшін бұл – тек ғимарат емес, жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жетістіктерге бастар жол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/1203778?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version