Жоғарғы сынып оқушылары мемлекеттік қызметпен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алға ауданында оқушылар арасында мемлекеттік қызмет құндылықтарын насихаттау және ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған шара аясында Алға қаласындағы 5 білім беру ұйымының оқушылары аудан әкімдігіне арнайы барып, аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиевпен дөңгелек үстел форматында кездесті.

Еркін форматта өткен жүздесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі мен негізгі міндеттері туралы жан-жақты ақпарат алды. Аудан басшысы жастарға адал қызмет етудің, ел дамуына үлес қосудың маңыздылығына тоқталып, сапалы білім мен саналы тәрбиенің рөлін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, оқушылар әкімдік ғимаратын аралап, түрлі бөлімдердің жұмысымен танысты. Сала мамандары оларға өздерінің қызмет бағыттары, күнделікті атқаратын міндеттері және халықпен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бұл іс-шара оқушылардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар алуына оң ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1203681?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version