Шыңғыс Әрінов Павлодардағы жаңа оқу-жаттығу мұнарасын және ведомстволық спорттың дамуын бағалады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов қаладағы №4 өрт сөндіру бөліміне барып, материалдық-техникалық базаның дамуы және бөлімшенің жұмысымен танысты, сондай-ақ ведомстволық спортшылармен кездесті.

  ТЖМ басшысы оқу-жаттығу базасын дамыту және ведомстволық спортты қолдау құтқарушыларды даярлау тиімділігін арттырудың және өңірдің азаматтық қорғау жүйесін нығайтудың маңызды бағыттары екенін атап өтті.

  Министр өрт сөндіру-құтқару спорты, қоян-қолтық ұрыстан құрама командасымен және ведомствоның жаңадан құрылған хоккей командасымен кездесті. Шыңғыс Әрінов спортшыларға хоккей жабдықтары мен спорттық киім табыстап, ведомстволық спортты дамыту дене даярлығын нығайту, командалық рухты арттыру және жауынгерлік әзірлікті күшейту үшін маңызды екенін атап өтті.

  Жаңа оқу-жаттығу мұнарасы құтқарушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге, оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге және өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыстар ұйымдастыруға арналған. Кешен құрамына нақты жағдайға барынша жақын ортада жаттығулар орындауға мүмкіндік беретін тұғыр кіреді.

  Қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұнара заманауи сақтандыру жүйесімен және биіктікте жаттығуларды қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін қорғаныш торымен жарақталған. ТЖД қызметкерлері жылдам көтерілу және биіктікте жұмыс істеу элементтерін көрсетті.
Сонымен қатар спорттық командаларды тасымалдауға арналған автобус таныстырылды. Көлік жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына бару кезінде жайлы әрі қауіпсіз сапарларды қамтамасыз етуге қажетті барлық жабдықтармен қамтылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1203865?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version