Ұлттық кітап күніне орай өткен кітап апталығы аясында 18-19 сәуір күндері ел кітапханаларында «Weekend. Book. Vibes» атауымен түрлі мазмұндағы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Демалыс күндері кітап оқуды насихаттауға, оқу мәдениетін қалыптастыруға және балалар мен жастардың әдебиетке қызығушылығын арттыруға баса мән берілді. Еліміздің барлық өңірінде ашық аспан астында кітап оқуға арналған алаңдар, шығармалар негізінде түсірілген фильмдердің көрсетілімдері, кітап клубтарының басқосулары және түрлі бағдарламалар ұсынылды.
Атап айтқанда, Астанада «BookCrossing» кітап алмасу акциясы ұйымдастырылды. Түркістан облысында көпшілік «Көшпенділер» тарихи-көркем фильмі мен «Қобыланды батыр» диафильмін тамашалады. Абай облысында «Кітап оқу алаңдары» акциясы мен «Демалыс пен кітап – шабыт үндестігі» атты поэзия кеші өткізілді. Ақмола облысында «Мен әлемді кітап арқылы білемін» әдеби кеші мен «Quiz book: Білім бәйгесі» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Жетісу облысында «Ақындар мұрасы» поэзия кеші өткізіліп, Қызылорда облысында «Кітап – сарқылмас қазына» оқу марафоны өтті.
Жалпы республика бойынша 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 50 мыңға жуық адам қатысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1203853?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау