16–17 сәуір аралығында «Кирилловка орта мектебі» базасында Айыртау ауданының жалпы білім беретін ұйымдары арасында «Батыр» әскери-спорттық көпсайысы бойынша аудандық мамандандырылған спартакиада өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

16–17 сәуір аралығында «Кирилловка орта мектебі» базасында Айыртау ауданының жалпы білім беретін ұйымдары арасында «Батыр» әскери-спорттық көпсайысы бойынша аудандық мамандандырылған спартакиада өтті.

    Спартакиаданың негізгі мақсаты – әскерге шақыруға дейінгі жастардың бойында Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау және дамыту, салауатты өмір салтын дәріптеу, жастарды «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысына белсенді тарту, сондай-ақ облыстық жарыстарға қатысу үшін үздік спортшыларды анықтау.

    Спартакиада салтанатты ашылу рәсімі «Кирилловка орта мектебі» КММ оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарламамен басталды.

     Жарысқа 14–18 жас аралығындағы ұлдар мен қыздардан құралған 19 команда қатысты. Бағдарлама екі күн бойы өткізілген әскери-спорттық сегіз сайысты қамтыды.

     Жүлделі орын алған командалар кубоктармен және грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, жеке біріншілікте жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар грамоталар мен медальдармен жеке марапатталды.

    Жарыс қорытындысы бойынша 1 орын иеленгені үшін жеке біріншілікте грамотамен және медальмен марапатталды: Базилов Данил (Саумалкөл №2 мектеп-гимназиясы), Базилова Софья (Саумалкөл №2 мектеп-гимназиясы);      2 орын иегерлері иеленгені үшін жеке біріншілікте: Головко Валерия (КММ «Казанка орта мектебі»), Балабас Евгения (КММ «Казанка орта мектебі»), Саттыбаев Рустам ( «Златогорка орта мектебі» КММ), Берестов Даниил (Саумалкөл мектеп-гимназиясы №2); 3 орын  иегерлері иеленгені үшін жеке біріншілікте:  Волик Виктория («Антоновка орта мектебі» КММ), Сабыр Рамазан («Қызыл-Аскер орта мектебі» КММ), Курманғалиев Назар («Рудный орта мектебі» КММ), Елубай Нұрай («Қаратал орта мектебі» КММ).

     Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1 орын  «Казанка орта мектебі» КММ командасы, 2 орын «Антоновка орта мектебі» КММ командасы, 3 орын  «Нижнебурлук мектеп – бөбекжай кешені» КММ командасы кубокпен және грамоталармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aiyrtau-edu/press/news/details/1204236?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version