2026 жылғы 20 сәуірде Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       

     2026 жылғы 20 сәуірде Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдер мен басқармалар басшылары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

      «Шемонаиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 43/2-VIII «Шемонаиха ауданының қала, кенттер және ауылдық округтерінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Самойлова А.М. баяндама жасап, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қалыптасқан бос қалдықтарды бөлу туралы ақпарат берді.

     «Шемонаиха ауданы бойынша 2026 жылға шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» мәселе бойынша кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Шекеева М.О. баяндама жасады. 2026 жылға шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемесі тұру құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілді.

      Ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізілді.

      Қаралған барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.

      Шемонаиха аудандық мәслихатының сессиясы пленарлық отырыс форматында өтіп, Instagram әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастырылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shemonaihamaslikhat/press/news/details/1204164?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version