2050 жылға қарай Қазақстанда кемінде үш АЭС салу жоспарлануда – атом саласын дамыту стратегиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жалпы алғанда, атом саласын дамыту стратегиясын іске асыру 2050 жылға қарай Қазақстан Республикасында кемінде үш атом электр станциясының жұмыс істеуін көздейді.

Электр энергиясын тұтынудың болжамды өсуін ескере отырып, төртінші станцияны салу жобасын іске асыру қарастырылған. Бұл экономика мен халықтың сенімді әрі экологиялық таза энергияға деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ елдің қолайлы өңірлерінде шағын модульдік реакторлар (ШМР) базасында АЭС салу нұсқалары технологиялық және экономикалық орындылығын ескере отырып қарастырылады. Сонымен қатар пайдаланудан шығарылатын көмір электр станцияларын тиісті атомдық қуаттармен алмастыру мүмкіндігі де назарға алынады.

Осының барлығы экономиканың энергетикалық секторын әртараптандыруға және елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atomic-control/press/news/details/1204198?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version