Абай облысы Полиция департаменті жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстарды күшейту мақсатында 300-ге жуық студенттің қатысуымен кең ауқымды форум ұйымдастырды. Шара Семей қаласы Ә.Бөкейхан атындағы университеттің студенттері мен қоғам белесенділерінің қатысуымен өтті.
Іс-шара барысында жастарға нашақорлықтың зияны туралы арнайы бейнеролик көрсетіліп, «Нашақорлық – қоғамдық зұлым», «Есірткі заттарын пайдаланудың қауіптілігі мен салдарлары» тақырыбында терең түсіндірме жүргізілді. Полицияның тікелей қатысуымен жасалған бұл материал жастарға құқық бұзушылық пен есірткі тәуелділігінің қауіптілігін көрнекі түрде жеткізді.
Форум барысында Абай облысы ЖИТС орталығының дәрігері ЖИТС және ВИЧ инфекциялары туралы түсіндірме дәріс жүргізіп, жастарға қауіп-қатерлер мен алдын алу жолдарын егжей-тегжейлі жеткізді.
Абай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарамасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Думан Үкіжанов сөз сөйлеп, жастарға үндеу жасады:
«Құрметті студенттер! Біз, полиция қызметкерлері, тек заң қадағалаушы ғана емес, сіздердің болашағыңызды қорғауға ұмтылатын әріптестеріңізбіз. Есірткіге қарсы күрес – бұл әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Салауатты өмір салтын таңдап, өз арманыңызға жетуге бел буыңыздар. Біз сіздерді қауіп-қатерден сақтап, дұрыс жолға бағыттауға әрдайым дайынбыз.»
Абай облысы полициясы мен құқық қорғау органдарының бастамасымен ұйымдастырылған бұл шара жастардың санасын қорғауға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1204622?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау