Айыртау ауданының әкімімен кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 сәуірде аудан әкімдігінде аудан әкімі Мейрам Меңдібаевтың төрағалығымен кеңес өтті. “Айыртау аудандық ауруханасы”ШЖҚ КМК басшылығымен ұсынылған Айыртау аудандық ауруханасы стационары ғимаратының жағдайы туралы ақпарат тыңдалды.
АРБ ғимараттарын тексеру бойынша сараптама қорытындысына сәйкес 2026 жылдың наурыз айында ғимараттың апаттық жағдайына әкеп соққан ақаулары мен конструкцияларының зақымдануы анықталды. Қалыптасқан тәуекелдерді, пациенттер мен аурухана персоналының өмірі мен денсаулығына ықтимал қатерді ескере отырып, Нұржан Миржанұлы Тағаниязов аудандық аурухана емханасының кабинеттерін қосымша білім беру орталығының ғимараттарында және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бірінші қабатында, ал аудандық аурухана стационарын – АРБ емханасының ғимаратында уақытша орналастыру туралы мәселені көтерді.

Аудан әкімі Мейрам Меңдібаев ақпаратты тыңдап, аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімде емхана мен стационардың барлық кабинеттерінің дайындалған ғимараттарға көшуін және орналастырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
“Біз адам өмірі қазіргі әлемдегі ең жоғары құндылық екенін түсінуіміз керек және төтенше жағдайда әрқайсымыз аудандық ауруханадан көмек сұраймыз. Сондықтан АРБ қызметкерлеріне аудан азаматтарын қабылдау мен оларға қызмет көрсетуді, жаңа жағдайларда лайықты деңгейде медициналық қызмет көрсетуді жолға қоюға көмектесу үшін барлық шараларды қабылдау қажет”.
Сондай-ақ, аудан әкімі қазіргі уақытта аурухананың жаңа ғимаратын салу үшін учаскені таңдау бойынша Ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын түсіндірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1204312?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version