Алакөл ауданы бойынша 2020–2025 жылдары «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2020–2025 жылдар аралығында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданымызда 5 млрд. 252 млн. теңгеге 54 жоба қаржыландырылған.
Атап айтсақ:
2020 жылы «Ауыл ел бесігі» арнайы жобасы аясында Қабанбай ауылына барлығы 1,1 млрд. теңгеге 9 жоба қарастырылып, жұмыстар атқарылды. Оның ішінде Қабанбай ауылының ауруханасына және 500 орындық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын 7 көшеге орта жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылып, пайдалануға берілді.
2021 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 елді мекенге (Бескөл, Бұлақты, Ақтүбек және Көктұма ауылдарына) 1 млрд. 289 млн. теңгеге 19 жобаға қаржы қарастырылды. Төрт елді мекеннің (Көктұма, Ақтүбек, Бескөл, Бұлақты) 16 көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Көктұма ауылының электр желісінің құрылыс жұмыстары және Ақтүбек ауылында 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы жоспарға сәйкес атқарылып, пайдалануға берілді.
2023 жылы аталған бағдарлама аясында 5 елді мекенге (Ақжар, Екпінді, Қарлығаш, Қазақстан және Қабанбай ауылдарына) 1 млрд. 855 млн. теңгеге 8 жобаға қаржы қарастырылды. Төрт елді мекеннің 5 көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Екпінді ауылындағы Шынжылы өзенінің көпіріне күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, Ақжар ауылында Ақжар орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүзеге асырылды.
2024 жылы 5 елді мекенде (Бескөл, Бұлақты, Қазақстан, Қабанбай, Ақжар) 530,9 млн. теңгеге 13 жобаға қаржы қарастырылып, жұмыстар атқарылды. Аталған елді мекендерде 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2025 жылы 5 елді мекенде (Ж.Балапанов, Бұдыр, Қазақстан, Екпінді, Көлбай) 477,8 млн. теңгеге 5 жобаға қаржы қарастырылып, жұмыстар атқарылды. Ж.Балапанов, Бұдыр, Қазақстан ауылдарында 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Екпінді және Көлбай ауылдарында 150 орындық мәдениет үйлерінің құрылыстары басталды.
Аталған нысандар 2026 жылға өтпелі нысан болып табылады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1204680?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау