Алматыдағы Медеу ауданы жыл соңына дейін 25 мыңнан астам тұрғынды су мен кәріз жүйесіне қоспақ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медеу ауданы сумен жабдықтайтын, су бұратын жүйені дамытып жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Еркебұлан Оразалин осы бағыттағы қолға алынған жұмыстарды баяндады.

Жұмыс 2023 жылы ауданның жоғарғы бөлігіндегі ұңғымалардағы су деңгейінің 150-ден 60 текше метрге дейін төмендеуінен кейін басталған. Сол кезде ұзындығы 73 шақырым инженерлік желі салынып, бұл 35 мыңнан астам тұрғынды орталықтанған жүйелерге қосуға мүмкіндік берген.

Биыл «Горный гигант», «Малая станица», «Атырау» мен «Каменское плато» шағын ауданында ұзындығы 130 шақырым болатын желі салынып жатыр. Негізгі төсеу жұмысының көлемі өткен жылы аяқталған.

Биыл нысандарды қосып, жол жабындысын қалпына келтіріп, көшелерді толық ені бойынша асфальттау жұмысы да аяқталып қалады.

Жыл соңына дейін 25 мыңнан астам тұрғын орталықтанған сумен жабдықтайтын және кәріз жүйесіне қосылады, – деді Еркебұлан Оразалин.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1204205?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version