Ақтөбе облысының ТЖД бастығы Қ.Н. Оразалин мен Баишев университетінің ректоры О.И. Лыгина ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бірлескен жұмысты дамытуға бағытталған.
Меморандум аясында студенттерге тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар «Өндірістік қауіпсіздік негіздері» оқу модулі енгізіледі.
Тараптар жаңа кадрлар даярлау, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және тәжірибе алмасу бағытында жұмыс істейді.
Ақтөбе облысының ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-aktobe/press/news/details/1204665?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау