Аршалы ауданында өскелең ұрпақ үшін маңызды кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының ізгі ниет елшісі, Гиннес рекордтар кітабының жеті дүркін әлемдік рекорд иегері, ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми амбассадоры, қоғам қайраткері, меценат және актер Сергей Цырульников аудан мектептеріне арнайы барды.

Сапар барысында ол екі мектепте болып, оқушылармен еркін форматта сұхбат жүргізіп, өз өмірлік тәжірибесімен бөлісті және жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға, биік мақсаттар қоюға шақырды.

Сондай-ақ, мектептерге дене шынықтыруды дамыту мақсатында спорттық құрал-жабдықтар табысталды. Аталған кездесу аудан прокуратурасымен кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыс шеңберінде ұйымдастырылып, жастардың дұрыс өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталған.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1204298?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version